Өскеменде шығармашылық ұжыммен жаңа Конституция жобасы талқыланды

Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайының ұжымымен кездесу өтті. Жиын барысында қатысушыларға жаңа Ата заңда қарастырылған негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ қоғамның дамуына бағытталған бастамалар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, коалиция мүшелерінен нақты жауаптар алды.
Коалиция мүшесі Шынар Боранғалиева жаңа Конституция жобасында шығармашылық еркіндікке ерекше мән берілгенін атап өтті.
«Жаңа Конституция жобасының 23-бабының 1-тармағында сөз еркіндігімен қатар ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілетіні көрсетілген. Бұл норма – демократиялық қоғамның басты тіректерінің бірі. Бұл – мемлекеттің шығармашылық тұлғаға сенім білдіруі, оның еркін ойлауына, еркін ізденуіне жасалған жағдай деп түсінген жөн. Өнер адамы жаратылысынан қалыпқа сыймайды. Еркіндік бар жерде ғана өнер дамиды, жаңа бағыттар мен формалар пайда болады», – деді Шынар Боранғалиева.
Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасының қоғам дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға бейжай қарамайтындықтарын жеткізді.

#Референдум
#Референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#ШҚОВКО

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter