Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі

Өскемен қаласындағы Достық үйінде №7 және №8 бастауыш партиялық ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері қатысып, жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндірді.
  Жиын барысында қатысушыларға жаңа Ата заңда қарастырылған негізгі өзгерістер, ел дамуына бағытталған бастамалар мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ коалиция мүшелері жиналған қауымды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
  Коалиция мүшелері жаңа Конституцияда адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
  «Жаңартылған Конституцияның 3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде ресми танылатыны көрсетілген. Бұл – білімді табиғи ресурстардан жоғары қоятын іргелі қадам. Жастар үшін бұл білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерге арналған гранттарды басым қаржыландыруды және әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастыруды білдіреді. Себебі прогресс пен білім құндылықтары енді жоғары құқықтық деңгейде қорғалады», – деді коалиция мүшесі Анжела Горностаева..
  Сонымен қатар ол жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, оның елдің болашақ дамуына бағытталған стратегиялық құжат екенін жеткізді.
Конституционная реформа – новый этап развития страны
  В Доме дружбы города Усть-Каменогорска состоялась встреча с представителями первичных партийных организаций №7 и №8. Во встрече приняли участие члены региональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!», которые разъяснили значение проекта новой Конституции.
  В ходе встречи участникам подробно рассказали о ключевых изменениях, предусмотренных в новом Основном законе, инициативах, направленных на развитие страны, а также о механизмах защиты прав граждан. Кроме того, члены коалиции призвали собравшихся принять активное участие в референдуме, который состоится 15 марта.
  Члены коалиции также отметили, что в новой Конституции особое внимание уделяется развитию человеческого капитала.
  «В статье 3 обновленной Конституции развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций официально признается стратегическим направлением деятельности государства. Это фундаментальный шаг, который ставит знания выше природных ресурсов. Для молодежи это означает приоритетное финансирование образовательных программ, грантов для научных исследований и создание инфраструктуры, обеспечивающей обучение на мировом уровне. Ведь ценности прогресса и знаний теперь защищены на самом высоком правовом уровне», – отметил член коалиции Анжела Горностаева.
  Также он подчеркнул значимость проекта новой Конституции, отметив, что это стратегический документ, направленный на дальнейшее развитие страны и укрепление ее будущего.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter