Шығыс Қазақстанда «Жаңа Конституцияны» түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында Жалпыұлттық коалиция белсенділері конституциялық өзгерістерді түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру науқанын бастады.

Белсенділер сауда орталықтарында, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде тұрғындармен кездесіп, реформалардың мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіруде. Кездесулер барысында ақпараттық материалдар таратылып, азаматтардың сұрақтарына жауап берілуде.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — халыққа конституциялық өзгерістердің мәнін нақты әрі түсінікті жеткізу, қоғамдық пікір алмасу алаңын қалыптастыру және азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыру.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter