Өскеменде газ тарату қондырғыларының жөнделуі жоспарланып отыр

Өскеменде қазіргі таңда қанағаттанарлықсыз жағдайда тұрған газ тарату қондырғыларын жаңғыртуға дайындық жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов хабарлады.

Оның айтуынша, газ тарату қондырғыларын жөндеу және модернизациялау жобасы дайындалған. Жұмыс тұрғындардың қауіпсіздігі үшін шешуші мәнге ие, себебі шамамен 70 көппәтерлі үй газбен қамтамасыз етілген.
 
Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің жеделдігін арттыру мақсатында қала су шаруашылығы бөліміне қосымша екі арнайы техника сатып алады. Бұл апаттық жағдайларға жылдам әрекет етуге және желілердегі ақауларды жою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter