#Қоғам / Жаңалықтар
Ерлан Қарин: Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді
5-02-2026, 11:13
Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин
— Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол — қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ, — деді ол.
Ерлан Қарин қазақ тілі биік тұғырда, өз орнында екеніне сенім білдірді.
— Мемлекетіміз барда қазақ тілі ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, — деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кету керек, өткен апта аяғында жарияланған жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы норма 9-бапта орналасқан. Ол жерде мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені, ал мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны айтылған.
https://kaz.inform.kz/news/erlan-karin-zhana-konstitutsiyanin-9-babi-turali-bzde-memlekettk-tl-breu-7db483/?ysclid=ml90prxxau929483815
