Ерлан Қарин: Цифрлық трансформация – жаңа ұлттық идея
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Президент Жолдауының басты өзегіне тоқталды. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы біріктіруші идея – цифрландыруды кеңінен дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің біріне айналды. Бұл қадам еліміздің болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналуына жол ашады.

