ҚР Әділет министрі Ерлан Сарсембаев жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы мәселесіне түсініктеме берді


«Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет екені көрсетілген… Бұдан кейін өте маңызды қағида келтіріледі – соған назар аударғым келеді – Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады», – деп атап өтті Е. Сәрсембаев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Парламент жұмысы қалай өзгеретіні және оның елдің жаңа саяси жүйесіндегі ықпалы қалай артатыны туралы сұраққа жауап бере отырып, былай деді:

«Қазіргі жағдайда біз, бір жағынан, заңдардың жедел, уақтылы әрі жоғары сапада қабылдануын қамтамасыз етуіміз қажет. Екінші жағынан, саяси бәсекелестікті күшейту үшін қосымша мүмкіндіктер жасау маңызды».

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Индира Рыстина толық пропорционалды жүйе жағдайында партиялардың жұмысы қалай өзгеретіні туралы пікір білдіріп, былай деді:

«Аралас модель кезінде партиялар бірмандаттық округтердегі жекелеген кандидаттардың беделіне сүйене алса, пропорционалды жүйеде заң шығарушы билікті қалыптастырудың жалғыз арнасы – партияның өзі болады. Бұл персоналистік саясат моделінен бағдарламалық-партиялық модельге көшуді білдіреді. Айрықша маңыз өңірлік деңгейге беріледі».

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов билікті бөлу жаңа моделінің заң қабылдау жылдамдығы мен сапасына ықпалы туралы айта отырып, ең бастысы жылдамдық емес, заң шығарушы орган жұмысының тиімділігі екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, бір палаталы өкілді орган заң жобаларының институционалдық үзілістерсіз үздіксіз қаралуын қамтамасыз етеді.
Екінші панельдік пікірталас қоғамдық қатысудың жаңа тетіктерін және конституциялық бақылауды қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының есептілігін күшейтуге арналды. Сессия модераторы AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров жаңа Конституция жобасында Құрылтайдың бақылау функцияларын күшейтуге ерекше мән берді.

«Құрылтай мен Қазақстан Халық кеңесі институттары тұрақтылықты қамтамасыз етудің демократиялық тәсілі ретінде енгізіледі. Құрылтайға келетін болсақ, Қазақстанда Президент институты күшті сақталған жағдайда оның түрлі билік тармақтарына қатысты бақылау функциялары күшейеді», – деп атап өтті Е. Саиров.
https://t.me/kisi_kz/4205

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter