Куба жағалауында жер сілкінісі тіркелді: магнитудасы – 5,5

Жексенбі күні Кубада магнитудасы 5,5 баллдық жер сілкінісі болды. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жерасты дүмпулері шамамен 15 шақырым тереңдікте тіркелген.

Алғашқыда магнитудасы 5,9 деп бағаланғанымен, кейін көрсеткіш нақтыланды.
 
Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ. Билік жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеп, төтенше қызметтер мониторингті жалғастырып жатқанын және тұрғындарды ресми ақпарат көздерін қадағалауға шақырды.
 
Куба сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан, әсіресе елдің шығыс бөлігінде Кариб және Солтүстік Америка тектоникалық плиталарының шекарасы саналатын Ориенте жарығы өтеді. Сантьяго-де-Куба қаласы дәстүрлі түрде аралдағы ең сейсмоқауіпті өңір саналады.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter