Өскеменде үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары толық аяқталды

Усть-Каменогорск 3-12-2025, 15:34

Биыл Өскемен қаласында көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін жаңарту жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді. Бұл шара қаланың архитектуралық бірлігін сақтау, көрікті бейнесін жақсарту және тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта құру мақсатында атқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үйлердің сыртқы қабырғаларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігерлермен келісімшарттар жасады. Атап айтқанда, Әуезов даңғылы, 49 мекенжайындағы үйдің фасадын ағымдағы жөндеуді «Ертіс Құрылыс» ЖШС жүзеге асырса, С. Нұрмағамбетов көшесіндегі 52-ші және 55-ші үйлерде жұмыстарды «ҚазҚұрылысГруп» ЖШС атқарды.

Жұмыстар барысында фиброцемент панельдерімен қаптау, тас және бетонға арналған тегіс сылау, үйдің ішкі бөлігін су-эмульсиялық бояумен сырлау, терезе жақтауларын орнату, кондиционерлерге арналған қораптар мен жарықдиодты шамдарды орналастыру, су ағызу құбырларын монтаждау, сондай-ақ ПВХ витраждық блоктарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Қосымша ақпарат ретінде айтар болсақ, Назарбаев даңғылындағы 18 үйде (№19, 21, 23, 27, 29, 31, 33, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 22, 24, 26, 28 үйлер) де жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Мұнда қабырғаларды, іргетасты, карнизді сылау, қасбет пен терезе-есік жақтауларын бояу, су құбырларын орнату, кондиционер қорабын бекіту және балкондарды сыртынан қаптау жұмыстары жүргізілген.

Бүгінгі таңда барлық көпқабатты тұрғын үйлердің фасадтарын жаңарту жұмыстары сәтті аяқталып, қала көркіне жаңаша сән беріп тұр.

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

Новости Казахстана

Мировые новости