ШҚО-да конституциялық реформалар мен адам құқықтарын қорғаудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды



Шығыс Қазақстан облысында «Конституциялық реформалар және адам құқықтары: жаңа кепілдіктер мен қорғау тетіктері» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара офлайн форматта ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі өзекті жаңалықтарға арналды.


Кездесудің басты мақсаты – адам құқықтары саласындағы негізгі конституциялық өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ оларды іс жүзінде іске асыруға бағытталған жаңа кепілдіктер мен механизмдерді талқылау болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен ашық әрі жемісті диалог жүргізуге мүмкіндік алды.


Бағдарлама барысында сарапшылар өз ойларын ортаға салып, кейін сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Іс-шараға заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Байыркенова, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, басқарма мүшесі Жаннета Калимолдина, сондай-ақ ШҚО бойынша өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аксана Каленова спикер ретінде қатысты.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter