#Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан
Глубокое ауданының әкімі «Бірқабатты Шығыс» ықшамауданындағы жағдайды жеке бақылауына алды
Вчера, 16:30
Бүгін Глубокое ауданының әкімі Елдар Тумашинов «Бірқабатты Шығыс» ықшамауданындағы Қожохово ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғын үйлерді пайдалану барысында туындаған мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі аталған нысанға бірнеше рет өзі барып, тұрғындармен және мердігер ұйым өкілдерімен тікелей сөйлескенін, әрбір өтінішті жан-жақты зерделеу үшін жеке бақылау жүргізіп отырғанын атап өтті.
Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша құрылыс салушы барлық міндеттемелерін орындауға дайын екенін растады. Ешкім жауапкершіліктен бас тартып отырған жоқ — анықталған барлық мәселелер ауа райы қолайлы болған сәтте толықтай жойылатын болады.
Аталған жағдай аудандық әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда. Жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде атқарылады.
