ШҚО колледждерінде оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ашылады

Өскемен 4-06-2025, 18:39

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында колледж базаларында жазғы лагерьлер ұйымдастырылады. Шілде айынан бастап өңірдегі 10 колледжде 500 бала жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізбек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқушылардың жазғы демалысын колледждерде өткізу тәжірибесі Шығыс Қазақстанда соңғы төрт жылдан бері жүзеге асып келеді. 2024 жылы Риддер, Өскемен қалалары мен Алтай ауданындағы жеті колледжде 449 оқушы арнайы лагерь бағдарламасына қатысып, түрлі мамандықтармен танысуға мүмкіндік алған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жазғы лагерь барысында балалар шеберлік сағаттарына қатысып, кәсіби дағдылардың қыр-сырын меңгереді. Олар робот техникасын құрастырып, бағдарлама жасап, мехатроника негіздерін үйренеді. Сонымен қатар, лазерлік кесу технологиясымен танысып, бисквитті тәттілер пісіруді, шет тілдерін, түрлі өнер мен кәсіп түрлерін үйренеді.

Білім мен демалысты ұштастыра білетін мұндай лагерьлер оқушылар үшін қызығушылық тудыратын, әрі болашақ мамандықты таңдауға сеп болатын маңызды жоба ретінде бағаланып отыр.

Фото: gov.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар