Колледж студенттері Бұқтырма жағасында тегін тынығады

Өскемен 3-06-2025, 18:23

Колледж студенттерін де жазғы лагерь күтіп тұр! Шілде айында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 студент қала сыртындағы демалыс лагерінде тынығады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Студенттер Үлкен Нарын ауданының Свинчатка ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан жазғы лагерьге жолдама алады.

— Свинчатка ауылындағы білім басқармасына қарасты жазғы лагерьде оқуда, өнерде және спортта жетістікке жеткен студенттер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар демалады. 2024 жылы бұл лагерьде 14 колледжден 120 студент демалды. Биыл үш ауысым бойынша 150 студент қабылданады. Маусым айында колледждерде сабақ аяқталған соң, студенттер Бұқтырма жағасына жол тартады, — дейді облыстық білім басқармасындағы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің өкілі Гүлмира Мамырбекқызы.


Фото: ru.pinterest.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар