Өскеменде өткен «7 КЕРЕМЕТ» фестивалі балаларға нағыз мереке сыйлады

Өскеменнің Сол жағалау кешенінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай жарқын отбасылық фестиваль өтті. «7 КЕРЕМЕТ» атауымен ұйымдастырылған бұл ерекше шара қала мен облыс бүлдіршіндеріне тамаша тарту болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Фестиваль алаңында жеті түрлі тақырыптық бағытта арнайы орындар жұмыс істеді. Балалар мен олардың ата-аналары танымдық ойындар ойнап, спорттық эстафеталарға қатысып, шеберлік сабақтарынан үйреніп, би байқауларында өз өнерлерін ортаға салды.
Фестивальге ерекше көңіл-күй сыйлаған – аниматорлар мен алып қуыршақтар. Ал жасөспірімдер өз сүйікті кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, косплей арқылы мерекеге қиял мен бояу қосты.
«7 КЕРЕМЕТ» фестивалі көпбалалы отбасылар мен қала тұрғындарын біріктіріп, қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Роксана Глыбова
Фото: Екатерина Семина