Өскеменде жас әзірлеушілерге арналған хакатон өтті

6–13 сәуір аралығында Өскемен қаласында Oskemen Hub пен Aparu бірлесіп ұйымдастырған хакатон өтті. Іс-шара технология саласында дамуға және өз жобаларын жасауға қызығушылық танытқан әзірлеушілерді, дизайнерлерді және бастаушы мамандарды біріктірді.


 

Апта бойы қатысушылар жұмыс процесіне терең еніп, командалар құрып, идеяларын талқылап, гипотезаларын тексеріп, өз шешімдерін жетілдірді. Хакатон тек өзін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, нетворкинг және пікірлес адамдарды табу алаңына айналды.


Іс-шара барысында практикалық бағытқа ерекше көңіл бөлінді: қатысушылар өмірде қолдануға болатын шешімдер жасауға ұмтылды. Мұндай формат көптеген командаларға әзірлеу процесін тереңірек түсінуге және техникалық әрі командалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.


Жобаларды бағалауды Aparu компаниясының өкілдерінен құралған сарапшылар алқасы жүргізді: Набиева Нургуль Бекеновна — «Апару» ЖШС директоры; Алимжанов Алимжанов — Android-әзірлеуші; Сизинцев Владимир Валерьевич — Tech Lead.


 

Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Yung Mobile Brains командасы — экономика және техника колледжінің студенттері. Олардың жобасы ұсынылған шешімдердің ішіндегі ең пысықталған және перспективалысы ретінде танылды.


Хакатонның жүлде қоры 200 000 теңгені құрады.


 

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары белсенділігін, сондай-ақ ұсынылған жобалардың сапасы мен әртүрлілігін атап өтті. Осындай іс-шаралар өңірдегі технологиялық қауымдастықтың дамуына және жас мамандарды қолдауға ықпал етеді.


Бөлісу: Facebook Telegram Twitter