Елімізде экологиялық қылмыстар азайып келеді
Өскемен / Жаңалықтар
15-05-2025, 17:51
0

2025 жылдың алғашқы үш айында елімізде табиғатқа зиян келтіретін 133 қылмыстық жағдай тіркелді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17%-ға аз, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, экологиялық қылмыстардың көбі Қызыл кітапқа енген, яғни сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларға зиян келтірумен байланысты. Мұндай 44 жағдай анықталған.
Сонымен қатар:
- Заңсыз аң аулау бойынша – 32 жағдай,
- Заңсыз балық аулау мен су жануарларына зиян келтіру – 28 жағдай,
- Ағаш пен бұталарды заңсыз кесу – 16 жағдай,
- Жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану – 11 жағдай,
- Жерді бүлдіру – 2 жағдай тіркелген.
Ең көп экологиялық қылмыс Қызылорда облысында тіркелді – 21 жағдай. Одан кейін:
- Алматы облысында – 14,
- Ақмола облысында – 11,
- Маңғыстау облысында – 9,
- Атырау және Қарағанды облыстарында – 8 жағдайдан.
Ал ең аз қылмыс Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында тіркелсе, Шымкентте мүлде экологиялық құқық бұзушылық анықталмаған. Шығыс Қазақстанда 6 жағдай тіркелген екен.
Елизавета Седых
Фото:pixabay.com