Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты

Өскемен 15-05-2025, 17:13 2

Өскеменде полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған 17 жастағы жасөспірімді тауып, аман-есен отбасына қайтарды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жасөспірімнің анасы ұлының таңертең колледжге кеткенін, бірақ сабақтан кейін үйге оралмағанын айтып, Полиция басқармасына жүгінген. Кешке дейін байланысқа шықпаған баланың телефоны сөндірулі болған. Анасы өз бетімен іздегенімен, нәтиже болмаған.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, колледжден үйге дейінгі бағыттағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықты. Қаланың әртүрлі аудандарындағы бейнежазбалар сараланып, жасөспірімнің қозғалыс хронологиясы жасалды.

Іздестіру барысында тәртіп сақшылары иесіз үйлер мен құрылыстарды, саяжай аумақтарын, дүкендерді тексерді. Сол дүкендердің біріндегі бейнежазбадан колледж студенті байқалған.

Нәтижесінде жасөспірім саяжай маңынан табылды. Ол соңғы күндері колледжге бармай, уақытын компьютерлік ойындарға арнағанын, бұл туралы ата-анасы білмесін деп үйге оралмағанын айтқан.

Полицейлер кәмелетке толмаған балаға және оның ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеке қауіпсіздік, тәртіп сақтау және ата-ананың бақылауы туралы түсіндірме әңгіме өткізді.


Фото: ШҚО ПД

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады