Тарханкада орын алған оқушы өліміне қатысты тергеу басталды

Өскемен 13-05-2025, 13:03 0

Глубокое ауданына қарасты Тарханка ауылында дүйім жұрттың жүрегін ауыртқан қайғылы жағдай тіркелді. 13 мамыр күні түскі сағат он екінің шамасында ауылдың Орталық (Центральная) көшесінде велосипедпен келе жатқан 6-сынып оқушысы көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Lada Granta көлігінің жүргізушісі реттелмейтін бұрылыста баланы байқамай қағып кеткен. Төтенше қызмет мамандары жедел жетіп, алғашқы көмек көрсеткенімен, баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Ол Тарханка орта мектебінде оқыған, болашағынан үміт күттірген жас жеткіншек еді.

Қайғылы хабар ауылды ғана емес, бүкіл аудан жұртшылығын есеңгіретті. Аудан әкімі бірден оқиға орнына барып, баланың ата-анасына көңіл айтып, отбасына барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
ШҚО полиция департаменті барлық жүргізушілерге жолда сақ болуды, жылдамдықты асырмауды, әсіресе елді мекендерде мұқият болуды тағы бір еске салды.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады