Аңызға айналған ұстаз: Қанипа Бітібаеваға арналған еске алу кеші өтеді

Өскемен 12-05-2025, 16:01 0

2025 жылдың 14 мамырында сағат 14:00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында көрнекті педагог, ғалым, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваға арналған «Аңызға айналған ұстаз» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қанипа Бітібаева – қазақ мектептерінде әдебиетті оқыту әдістемесін жаңа деңгейге көтерген ұлағатты ұстаз. ШҚО Тарбағатай ауданында дүниеге келген ол бүкіл ғұмырын білім саласына арнап, шәкірт тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек сіңірді.

Қанипа Омарғалиқызы – «Құрмет» орденінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, Н.Крупская медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Республиканың «Ең үздік» ұстазы атанған дара тұлға. Оның есімі – Шығыс Қазақстан облысы мен Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы ретінде де тарихта қалды.

Ол қазақ әдебиетін оқытудың жаңашыл үлгісін жасап, Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын мектеп бағдарламасына тереңдетіп енгізген алғашқы педагогтардың бірі. Осы бағытта жазылған алты кітап – еліміздің әдеби білім кеңістігіндегі іргелі еңбектердің қатарында.

Қанипа Бітібаеваның 200-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақаласы мен 41 кітабы жарық көрген. Оның педагогикалық тәжірибесі негізінде бірнеше оқу фильмі түсіріліп, 2004 жылы «Дәуірдің дара ұстазы» атты кино-очерк жарияланды.

Ұстаздың ең соңғы еңбегі – 2013 жылы жарық көрген «Егіз өрім» педагогикалық эсселер жинағы. Бұл кітап – оның 45 жылдық ұстаздық жолының қорытындысы іспетті. Онда: «45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін...» деп жазған сөздері – мұғалім өмірінің мәнін терең ұғындырады.

Еске алу кешіне Қанипа Бітібаева туралы «Егіз өрім» кітабында жазылған кейіпкерлер – шәкірттері, әріптестері мен үзеңгілес замандастары шақырылып отыр. Олар ұлағатты ұстаздың өмірі мен қызметі жайлы естеліктерімен бөлісіп, рухына тағзым етеді.


Фото: bugin.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады