Кемел Тоқаевтың ерлігі жайлы құпия құжат жарияланды

Өскемен / Жаңалықтар 7-05-2025, 12:11

Ресейдің қорғаныс министрлігі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты наградалық парақты ресми түрде құпиясыздандырды. Бұл жөнінде «Подвиг народа» порталында құжат жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құжатта Кемел Тоқаевтың 1945 жылдың қаңтарында Польшадағы Мазовецк воеводалығындағы шайқастарға қатысып, көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталғаны көрсетілген.

Мәліметке сүйенсек, гвардия сержанты Кемел Тоқаев қарсылас әскер шебіне бірінші болып кіріп, бес жау солдатын жойып, біреуін тұтқынға алған. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, өз бөліміне оралған.

1945 жылғы 30 қаңтарда 49-шы армияның танк және механикаландырылған әскерлеріне арналған №02/н бұйрықта Кемел Тоқаевтың есімі ресми түрде марапатталушылар қатарында тіркелген. Құжатта ол 7-ші гвардиялық жеке танк полкі автоматшылар бөлімшесінің командирі ретінде көрсетілген.

Бұл дерек ел тарихындағы елеулі оқиғалардың біріне айналып отыр. Кемел Тоқаев – көрнекті жазушы, құқық қорғау саласының ардагері ғана емес, Ұлы Отан соғысының қаһарманы екенін айғақтайтын тағы бір ресми құжат жарыққа шықты.


Фото: adebiportal.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар