Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы» атты патриоттық ерлік сабағы өтті

Өскемен 5-05-2025, 17:06 0

Өскемендегі А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы» атты патриоттық ерлік сабағы өтті. Шара ардагерлер мен жас ұрпақ арасында рухани байланыс орнатып, тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. Қатысушылар қатарында Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері, мектеп оқушылары, сондай-ақ әскери қызметкерлер болды. Олар өткеннің өнегесі жайлы тың деректермен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға арналған әңгімелер өрбітті.

Алғы сөзді ШҚО ардагерлер ұйымы басқару кеңесінің төрағасы, сырт елдерде әскери борышын өтеген Қайырхан Қазбекұлы Байғұндинов алып, жастарды Отанды сүюге және ел тарихын құрметтеуге шақырды.

Сонымен қатар, запастағы подполковник, ШҚО Азаматтық Қорғаныс департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің инспекторы Дәулетхан Әділханұлы Кәсенов, сондай-ақ ШҚО Билер Алқасының мүшесі, сыртқы елдерде әскерде болған ардагерлердің Өскемен қалалық ұйымының төрағасы Нұразхан Ертіс Ыбырайымұлы жастармен өз естеліктерін бөлісті.

Кездесу барысында Германиядағы Кеңес әскери тобының тарихи рөлі, жауынгерлік ерлік пен отансүйгіштік туралы нақты деректер айтылып, патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдері, әлеуметтік желілер мен медианың әсері туралы да кеңінен сөз қозғалды.

Шараның басты мақсаты – еліміздің өткен тарихынан тағылым алып, өскелең ұрпаққа бейбітшілік, ерлік және патриоттық рухты дәріптеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас буынның бойында елге деген сүйіспеншілік пен тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосады.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады