Облыс әкімі Кеңес Одағы Батырларын еске алып, тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медаль табыс етті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Самар ауданына барып, Кеңес Одағының Батырлары — Александр Матросов, Иван Герасимов және Николай Пахомовқа арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, ел үшін жанын қиған батырларды еске алуға арналды. Бұл – ерлікке тағзым етіп, отансүйгіштік рухты дәріптеудің бір көрінісі.
Сапар аясында облыс әкімі тыл ардагерлері Жетенева Кұрма мен Елизавета Бикбаеваға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады. Аймақ басшысы өз сөзінде ұрпақ жадында сақталатын тарихи естеліктердің маңызын атап өтті.
Соғыс жылдарында қажырлы еңбек еткен Елизавета Гавриловна елге адал қызметімен, еңбекқорлығымен ерекшеленген. Оның еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, тағылым мен тәрбиенің айқын көрінісі.
Батырлар мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым ету – халқымыздың тарихи жады мен рухани бірегейлігін сақтау жолындағы маңызды қадам. Бұл — болашаққа аманат, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын ұлы мұра.