#Өскемен / Жаңалықтар
Сиырлар цифрлық бақылауда: ШҚО-да TortTulik қосымшасы іске қосылды
Сегодня, 12:00
Шығыс Қазақстан облысында жеке мал иелеріне малды цифрлық есепке көшіру ұсынылуда.
Осы мақсатта TortTulik мобильді қосымшасы әзірленіп, ол мал басын смартфон арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
Қосымша арқылы жануарларды тіркеуге, реестр жүргізуге, ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге, деректерге өзгерістер енгізуге және профилактикалық әрі ветеринариялық іс-шаралар туралы хабарламалар алуға болады. Сондай-ақ малды түгендеу жүргізу қарастырылған, ал ветеринариялық қызметтер қажетті рәсімдерді уақтылы орындай алады.
Қосымшаның тағы бір артықшылығы — малды онлайн режимде сатып алу және сату мүмкіндігі, бұл фермерлер мен жеке шаруашылықтар үшін мәмілелерді жеңілдетеді.
Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қосымша Android Play Market платформасында жүктеуге қолжетімді, ал алдағы уақытта iOS құрылғыларына арналған нұсқасы да іске қосылады.
📞 Қызметтің жұмысына қатысты сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: 8 (7172) 79-34-19
📱 WhatsApp: 8-771-996-14-99
📧 e-mail: help@acepas.kz
