Енді үйін жиі сататындар салық төлейді

Келер жылдан бастап үйді жиі сатып, пайда табатындар салық төлеуге міндетті болады. Бұл норма жаңадан қабылданатын Салық кодексінде қарастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Егер үйіңізді сатып, салық төлемей-ақ құтылғыңыз келсе, онда келесі мүлікті тек екі жылдан кейін сатуға тура келеді. Яғни, мүлікті жыл сайын сатып-пайда табатындар автоматты түрде салық төлеушіге айналады.
Жаңа талап негізінен алыпсатарлар мен риелторлардың жұмысын реттеуге бағытталған.
Олар табысының 10-15 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеуі керек.
Бұл ереже тек тұрғын үйге ғана емес, саяжай, гараж, шаруашылық құрылыстары және басқа да мүліктерге де қатысты болады.
Мамандардың айтуынша, бұл қадам нарықты реттеп, әділ бәсекелестікті қалыптастыруға көмектеседі.
Фото: pixabay.com