Тіл үйренудің тың тәсілі: «Қонақжай отбасы» жобасы кеңейіп келеді

Жаңалықтар 24-04-2025, 15:23 0

Биыл Шығыс Қазақстан облысында балаларды қазақ тілінің ортасына және ұлттық салт-дәстүрлерге терең бойлату мақсатындағы жазғы демалыс пен сауықтыруға арналған «Қонақжай отбасы» жобасы кеңейтіліп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Шығыс Қазақстан облысында балаларды қазақ тілінің ортасына және ұлттық салт-дәстүрлерге терең бойлату мақсатындағы жазғы демалыс пен сауықтыруға арналған «Қонақжай отбасы» жобасы кеңейтіліп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышованың айтуынша, биыл жобаның географиясы кеңейіп, облыстың үш ауданындағы алты елді мекенді қамтиды. Қазіргі таңда 62 қонақжай отбасында 140 оқушыны қабылдауға қолайлы жағдай жасалған. Қатысушылардың басым бөлігі – көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар.

– Жобаның басты мақсаты – балалардың қазақ тілін табиғи ортада еркін меңгеруіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Қатысушылар қонақжай отбасыларда тұрып, күнделікті өмірде қазақ тілін сөйлеп үйренеді, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Қонақжай отбасы» жобасының өңірде жоғары тиімділігін көрсеткенін және жыл сайын ата-аналар мен балалар тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.

– Өлке тарихына, мәдениетіне қызығушылықты арттыру, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, халықтық қолөнер мен музыка негіздерін қалыптастыру – бұл жобаның қосымша маңызды әсері. Ол жас ұрпақтың мәдени тәрбиесіне үлкен үлес қосады, – деді өңір басшысы.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады