Ринад Ахметжанов: «Біз аулаларды абаттандыру қарқынын үш есеге арттырып, 7 жаңа мектеп саламыз»
«Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ринад Ахметжанов облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынның басты тақырыбы қаланың әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын алдағы жылдары дамыту мәселелері болды.
Ашық диалог барысында үміткер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Оқушы орындарының тапшылығын жою және үй маңындағы аумақтарды жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Үміткердің айтуынша, мұндай тәсіл мәселелерді ішінара ғана емес, қаланың келбетін кешенді түрде жаңартуға, әрбір тұрғын үшін қауіпсіз әрі жайлы орта құруға мүмкіндік береді. «Әділет» партиясының бағдарламасы бюджеттің нақты есептеулеріне және халықтың тікелей сұраныстарына негізделген.
