IDEA BATTLE: NEXT GENERATION

7 қазанда Oskemen Hub базасындаIDEA BATTLE: NEXT GENERATION байқауыөтті. Іс-шараөзтехнологиялықидеяларыменжұмысістеп, нақтыміндеттергеарналғаншешімдердіқазірдіңөзіндеіздепжүргенжастардыңбасынқосты.


Іс-шараШығысҚазақстандағытехнологиялықжәнеинновациялықортаныдамытубағытындағыжұмыстардыңбірбөлігінеайналды.


IDEA BATTLE аясындақатысушыларидеянытаныстырудыңдәстүрліформатынаншығып, өзжобаларыныңқандаймәселенішешетінін, ұсынылғаншешімніңқалайжұмысістейтінінжәнеоныісжүзіндеқайсалалардақолдануғаболатынынкөрсетуікерекболды.


Байқауда медицина, ерте диагностика және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалар таныстырылды.


Бірінші орынды Zero Muscles командасы RehabBridge жобасымен иеленді. Бұл — инсульттен кейін оңалтудан өтіп жатқан адамдарға арналған цифрлық шешім. Жобаның тұжырымдамасы аурухана мен үй арасындағы цифрлық көпір құруды көздейді. Бұл пациенттерге ауруханадан шыққаннан кейін де оңалту процесін жалғастыруға мүмкіндік береді.


Екінші орынды PreDemention командасы алды. Қатысушылар адамның жүрісін талдау арқылы деменцияның ықтимал ерте белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін шешім әзірледі. Жобаның негізгі идеясы мына формула арқылы берілген: «Ерте қозғалыс — ерте диагноз — ерте мүмкіндік».


Үшінші орынды Rogue One командасы Soilink жобасымен иеленді. Бұл — аграрлық сала мамандарына арналған топырақ жағдайын бақылау жүйесі. Шешім топырақтың күйін бақылауға және егістікті суару мен өңдеу қажеттілігін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін ақылды датчиктер желісін пайдалануды көздейді.


Байқау қорытындысы бойынша үш команда арасында 450 000 теңге көлеміндегі жалпы жүлде қоры бөлінді.


Oskemen Hub қызметінің негізгі бағыттарының бірі — өңір жастарына жаңа мүмкіндіктер жасау: алғашқы білім беру іс-шаралары мен жобалық жұмыстан бастап, өз әзірлемелерін таныстыруға, команда құруға және жобаларды одан әрі дамытуға дейін қолдау көрсету.


IDEA BATTLE: NEXT GENERATION іс-шарасын Oskemen Hub Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter