#Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан / Құрылтай
ШҚО-да дауыс беру аяқталды
23-08-2026, 20:08
Облыста Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталып, 534 сайлау учаскесі жабылды.
Өңірде 485 873 сайлаушы тіркелген. Саяси науқанды ұйымдастыруға 14 аумақтық сайлау комиссиясы мен 3 790 комиссия мүшесі жұмылдырылды.
Сайлау барысын 2 888 шетелдік және отандық байқаушы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі мен сенімді тұлға бақылады. Облыс бойынша 548 есептен шығару куәлігі берілді.
Саяси науқан барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

