Журавлиха жағалауы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Журавлиха өзенінің жағалауында аумақты тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
 
Экологиялық бастамаға 150 адам қатысты. Тазалық жұмыстарын жүргізуге 3 арнайы техника жұмылдырылды. Қатысушылардың бірлескен күшімен жағалау аумағы, демалыс орындары және оған іргелес аумақтар тазартылды. Акция қорытындысы бойынша 3 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
 
Журавлиха жағалауы – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Сондықтан бұл аумақта тазалық пен тәртіпті сақтау ерекше маңызға ие. Осындай экологиялық іс-шаралар қоғамдық орындарды ретке келтірумен қатар, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
 
«Таза Қазақстан» акциясы ортақ мақсат жолында бейжай қарамайтын тұрғындарды тағы бір мәрте біріктірді. Бірлескен еңбек пен туған өлкеге деген жанашырлықтың арқасында қаламыздың тазалығы мен көркеюіне нақты үлес қосылуда.
 
Акцияға қатысып, қаламыздың тазалығына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Таза қала – әрқайсымыздың қоршаған ортаға деген жауапкершілігімізден басталады!
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter