ШҚО сарапшылары республикалық сарапшылар алаңына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының сарапшылары республикалық сарапшылар алаңына қатысты. «Сайлау-2026: Саяси науқанның сипаты» тақырыбындағы сараптамалық алаң ұйымдастырылды.  Шараға еліміздің әр өңірінен сарапшылар қатысып, алдағы саяси науқанның сипаты, Құрылтай сайлауының ерекшеліктері және оның қоғамдық-саяси маңызы жөнінде пікірлер айтылды. Сарапшылар сайлау үдерісіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, саяси науқанның қоғам дамуындағы рөліне назар аударды.
 
Республикалық сарапшылар алаңында пікір білдірген спикерлер қатарында Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова, қоғам қайраткері Ерлан Смайлов, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, «Мир Евразия» ақпараттық-талдау журналының президенті Эдуард Полетаев, ҚР ҰҒА Білім беру және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі Жеңісбек Төлен, сондай-ақ «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры Нұрболат Нышанбаев болды.
 
Шығыс Қазақстан облысынан сараптамалық алаңға «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Равиль Юнусов, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ольга Кузовлева, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, облыс әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Зарина Камасова, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Айдос Әділбеков және ҚР Президенті жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің мүшесі Бақытжан Ербол қатысты.
 
Жалпы, мұндай сараптамалық кездесулердің маңызы зор. Құрылтай сайлауы қарсаңында сарапшылардың пікірін тыңдау – қоғамдық диалогты нығайтып, елдегі саяси үдерістерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететін маңызды алаңдардың бірі.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter