#Жаңалықтар
Сайлау учаскеңізді қалай тез табуға болады?
8-08-2026, 17:18
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңында әрбір азамат өзіне тиесілі сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын алдын ала біле алады.
Ол үшін gov.kz порталындағы онлайн қызметті, eGov Mobile қосымшасын немесе QR-кодты пайдалануға болады. Тұратын өңіріңізді таңдап, ЖСН-ді енгізсеңіз, сайлау учаскеңіз туралы барлық қажетті ақпарат қолжетімді болады.
Қызметті қалай пайдалану керегі туралы толық ақпаратты бейнероликтен көре аласыз.
