Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында азаматтар өздерінің сайлау учаскесін бірнеше секунд ішінде анықтай алады. Ол үшін @vote_vko_bot Telegram-ботын пайдалану жеткілікті.

Ботты іске қосып, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізсеңіз болғаны – жүйе сіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Бұл сервис уақытты үнемдеп, қажетті мәліметті жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Азаматтарға сайлау күніне алдын ала дайындалып, өз таңдауын сенімді жасауға жағдай жасалған.

23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter