Риддерде «Әділет» партиясы тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жинау бойынша қоғамдық қабылдау өткізді

Риддер қаласының орталық алаңында арнайы тігілген шатырда «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауы өтті. Облыстық сайлауалды штабтың өкілдері қала тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен бастамаларын, сондай-ақ сайлаушылардың аманат-тілектерін тыңдады. Айтылған ұсыныстар партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында ескерілетін болады.
 
Кездесу барысында риддерліктер өздерін толғандырған сауалдарын қойып қана қоймай, «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған, ел мен өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты.
 
Тұрғындар тарапынан ең көп көтерілген мәселелердің қатарында автомобиль жолдарының сапасы, қаланы абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды қолдау және қалалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері болды.
 
Келіп түскен барлық өтініш пен ұсыныс штаб өкілдері тарапынан тіркелді. Әрбір ұсыныс жүйеленіп, жан-жақты талданып, сайлауалды бағдарламаны одан әрі іске асыру барысында қарастырылатын болады.
 
Айта кетейік, «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдаулары Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан-қаласында жалғасуда. Олар тұрғындармен ашық диалог орнатудың және өңірдің дамуына бағытталған ортақ шешімдерді бірлесіп қалыптастырудың тиімді алаңына айналып келеді.
 
#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter