ШҚО-да ардагерлерге қамқорлық артып келеді: енді 3,5 мың жалғыз қария жаңа форматта қолдауға ие болады

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен ардагерлер ұйымының есептік конференциясы өтті. Жиында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.

 

Өңірде 3,5 мыңға жуық жалғыз тұратын ардагерге үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Жалпы зейнеткерлер саны 135 мыңға жуық болса, олардың ішінде Ұлы Отан соғысының 6 ардагері ғана қалған.

Конференция барысында Айтқазы Сейдулы Шерубаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды. Қатысушылар ардагерлер ұйымының қоғамдағы рөлі әлі де маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter