Өскемендегі Бажов көшесінде жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр

Өскеменде Бажов көшесінің бір бөлігінде – Н. Назарбаев даңғылынан әуежайға бұрылатын жерге дейінгі аралықта көше жарығын ауыстыру жұмыстары басталды.

Аталған учаскеде мердігер ұйым көше жарықтандыру желілерінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты екінші дәрежелі көшелерде жарықтың уақытша өшірілуі мүмкін.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде атап өткендей, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін көше жарықтандыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter