Облыс тұрғындарына 2024–2025 жылдардағы жылу үшін артық төленген ақшалар қайтарылды
2025 жылы ШҚО Энергетика және коммуналдық қызметтерді реттеу департаменті реттелетін қызмет көрсетушілерден 227 өтінішті қарады. Олардың 180-і мақұлданып, 47 өтініш кері қайтарылды. Бұл туралы ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қуат Мустапин ӨКҚ-де өткен брифингте хабарлады.
Инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуын бақылау барысында кейбір компаниялар өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Нәтижесінде 5 компанияға жалпы сомасы 61 млн теңге болатын өтемді тариф енгізілді.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары 2024–2025 жылдардағы жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін қайта есептеу алды. Жалпы халыққа 257 млн теңге (ҚҚС-мен) қайтарылды, оның ішінде: АҚ «Шыгыс Жылу» – 229 млн теңге, ЖШС «Востокэнерго» – 21 млн теңге, ЖШС «Молодежный» – 3,4 млн теңге, ЖШС «Л-ТВК» – 1,6 млн теңге, КММ «Зайсан», «Нарын КомХозСервис», «Курчум» – 2 млн теңге.
Департамент басшысы тұтынушылардың мүдделерін қорғау және қызмет көрсету сапасын бақылау басты бағыт болып қала беретінін атап өтті.

