Құтқарушылар  Крещение Господне мерекесінде қауіпсіздік шаралары туралы айтты

Қаңтардың 19-ы күні бүкіл православтық христиандар Крещение Господне  мерекесін атап өтеді. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте ШҚО ТЖД құтқарушылары мерекеде Шығыс Қазақстан облысы аумағында жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен 16 рұқсат етілген суға шомылу орны болатынын хабарлады.



Өскемен қаласында – 2 орын:


Сош жағалаудағы «Көк көлдер» кешенінің аумағы


Ертіс өзені, Аблакетка кенті, шіркеуге қарама-қарсы, Островский көшесі, 14


Риддер қаласында – 2 орын:


Әулие Николай шіркеуінің аумағы және Пресвятая богородица шіркеуі маңында


Алтай ауданында – 4 орын:


Елорда даңғылы ауданындағы Екінші өзендегі су айдыны


Серебрянск қаласы, Ертіс өзені, қалалық жағажай


Малеевск ауылы – Хамир өзені, Пилон көпірі ауданы


Жаңа Бұқтарма ауылы, Бұқтарма су қоймасы, қайық станциясы аумағы


Глубокое ауданында – 3 орын:


Бобровка ауылы, Нұртау шаңғы курорты


ГТҚ алаңы (Белоусовское көлі)


Киргородок шағын ауданы, Глубокое кентіндегі жағажай


Қатонқарағай ауданында – 1 орын:


Коробиха ауылы, Коробиха өзені


Күршім ауданында – 1 орын:


Күршім ауылы, Әкімжанова көшесі, Күршім өзені


Шемонаиха ауданында – 1 орын:


Шемонаиха қаласы, Үбі өзені, автобекет ауданы


Ұлан ауданында – 1 орын:


Таврия ауылы, Песчанка өзені


Үлкен Нарын ауданында – 1 орын:


Үлкен Нарын ауылы, Нарын өзені


ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Эльдар Шаймарданов атап өткендей, мереке кезіндегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Департаменттің бөлімшелері дайындықта, ал Крещение түнінде 230 қызметкер және 69 техника бірлігі кезекшілікке шығады, оның ішінде құтқарушылар, Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының және жедел жәрдемнің дәрігерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері бар. Эльдар Шаймарданов тұрғындарды тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бар жабдықталған суға шомылу орындарында ғана шомылуға шақырды.


«Мен мерекені рухани іс-шара ретінде қабылдауға назар аударуды қалар едім. Мұзды суға шомылу Крещение Господне мерекесін атап өту үшін міндетті емес. Мереке дұға жасау, шіркеуге бару, әдепті мінез-құлық пен ізгі істер арқылы тойланады», – деп атап өтті Өскемен және Семей епархиясы канцеляриясының меңгерушісі Иерей Константин Дьяков.


ШҚО ТЖД деректері бойынша, жергілікті атқарушы органдар суға шомылатын орындарда баспалдақтар, қолтықшалар, жарықтандыру және жылытылатын шатырлар орнатады. Құтқарушы сүңгуірлер мұз ойығына қауіпсіз шығу мен кіруді қамтамасыз етеді.


Құтқарушылар, барарда киім мен аяқ киімді мүмкіндігінше тез шығаратындай етіп кию маңызды екенін ескертті. Қар үстінде жалаң аяқ тұрмау үшін жылы кілемшелер, сүлгі және ыстық шай пайдалы болады. Шомылмас бұрын денені жылытып, денені қыздыру үшін жаттығу жасау қажет. Мұз ойығына ыңғайлы, таймайтын және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындаған жөн. Басын суға батырмай, мойынға дейін шомылу сосудтардың тарылуын болдырмау үшін жақсы. Балалар тек ата-аналарымен бірге шомылады. Шомылған соң өзіңізді сүлгімен сүртіңіз және ыстық шай ішіңіз. Алкогольді ішімдіктер қолдануға болмайды. Созылмалы аурулары бар адамдар үшін мұзды суға шомылу өте қауіпті болуы мүмкін.


Синоптиктердің болжамдары бойынша, мереке күндері облыста ауа температурасы -30°C және одан да төмен болу мүмкін.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter