Жолаушыға құрбан шалу міндетті ме?

Өскемен 6-06-2025, 10:19

90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққан адамға құрбандық шалу міндетті емес. Бірақ парыз деп қарап, құрбандық шалса, сауапқа кенеледі. Жолаушы Айт күндерінің демалысын пайдаланып немесе басқа да себептерге байланысты сапарлап барған жерінде құрбан шалуына рұқсат етіледі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Оның сапарға шыққаны құрбан шалуына және құлшылығының қабыл болуына кедергі болмайды.

Жолаушы сапарда жүріп құрбан шалып, Айт күндері бітпей жатып үйіне қайтса, оған екінші рет құрбан шалу міндетті емес. Сондай-ақ Айт күндерінің басында тұрғылықты болып, кейін Айт күндері ішінде сапарға шықса да, оған құрбан шалу міндеттелмейді. Ал егер Айттың бірінші күні сапарда болып, құрбан шалмаса, кейін Айт күндері үйіне қайтса, онда құрбан шалуға тиіс.


Фото: Olx.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар