Өскеменде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Өскемен 31-05-2025, 11:56

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Өскемен қаласында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиналғандар бір минут үнсіздікпен жазықсыз құрбан болған жандарды еске алды.

— Бұл күн — еліміздің тарихындағы ерекше күн. Қазақстанда ГУЛАГ-тың көптеген лагерьлері орналасқан еді. Алайда дәл осы жерде адамдар бір-біріне қолдау көрсетіп, батылдық танытты. Бүгінде сол зұлмат жылдардың құрбандарын еске алып, тарихтан сабақ алу — өте маңызды. Мұндай қайғылы беттердің қайталануына жол бермеуіміз керек, — деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Қуғын-сүргін жылдары миллиондаған адам — ғалымдар, жазушылар, жұмысшылар мен шаруалар, түрлі ұлт өкілдері жазықсыз сотталып, жер аударылып, лагерлерге жіберілді немесе атылды. Олардың көпшілігі Қазақстан аумағындағы КарЛаг, АЛЖИР, Степлаг секілді лагерлерде азап шекті.

Рәсімге қатысушылардың пікірінше, бұл қасіретті оқиғаларды еске алу — ел ішіндегі татулықты, әділет пен адам өміріне деген құрметті нығайта түседі.

Роксана Глыбова

Фото: Екатерина Семина

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар