16 мамырда Өскеменде АИТВ-ға қарсы қоғамдық акция өтеді

Өскемен 15-05-2025, 17:17 0

Ертең, 16 мамыр күні сағат 17:00-де Өскемен қаласындағы Ертіс жағалауында орналасқан «Махаббат аллеясында» ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған естелік акция өтеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Шараны ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы еріктілердің, жастар ұйымдарының және ҮЕҰ серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырады.

Акция аясында кез келген адам АИТВ-ға (ВИЧ) тегін әрі анонимді түрде экспресс-тестілеуден өтіп, кәсіби кеңес алып, ақпараттық буклеттерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, қатысушылар шам жағып, қайтыс болғандарды еске алу рәсіміне және флешмобқа қатыса алады.

Орталықтың деректеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылдың алғашқы тоқсанында АИТВ жұқтыру жағдайлары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға төмендеген (2024 жылы – 88 жағдай, 2025 жылы – 64 жағдай). Осы үш айда облыста АИТВ-мен байланысты 7 адам көз жұмған. Бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда – 1,0, ал АИТВ жұқтырған 1000 адамға шаққанда – 2,03-ті құрайды. Бұл – соңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш.

АИТВ инфекциясының негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас арқылы (75%).

– Алдын алу шаралары нақты нәтиже беріп отыр. Біз ауру көрсеткішінің, сондай-ақ өлім-жітім деңгейінің төмендегенін байқаймыз. Көптеген адамдар өздерінің АИТВ мәртебесін біліп, қажетті ем қабылдап жатыр. Бұл – кәсіби команданың жүйелі еңбегі мен қоғамдық қолдаудың нәтижесі, – деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ШҚО орталығының бас дәрігері Салтанат Фатихова.


Фото: depositphotos.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады