Ішкі саясат басқармасына бос лауазымдарға конкурс жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы бірқатар бос лауазымдар бойынша конкурс жариялады. Конкурс туралы хабарландырулар Eqyzmet.gov.kz ашық порталында орналастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бос орындар келесі мамандықтар бойынша ұсынылған:
Жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазым коды: ОПРСМИИГО-2.
Қоғамдық-саяси ахуалды талдау, әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазым коды: ОАОПСМИИР-4.
Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазым коды: ОИПИМСМИ-3.
Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша 2026 жылғы 15 маусымға дейінгі демалыс кезеңіне), санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазым коды: ОИПИМСМИ-5.
Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша 2028 жылғы 6 наурызға дейінгі демалыс кезеңіне), санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазым коды: ОИПИМСМИ-4.
Конкурсқа қатысуға ниетті үміткерлер Eqyzmet.gov.kz порталы арқылы толық ақпаратпен таныса алады.