Өскеменде әскери қызметшілер тыл еңбеккеріне құрмет көрсетті

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Отан қорғаушылар күніне орай өз ардагерлерін мерекемен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті. Қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов және ардагерлер кеңесінің төрағасы, қолбасшылық қолбасшысының кеңесшісі, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев тыл еңбеккері және Ұлттық ұланның ардагері, отставкадағы подполковник, 90 жастағы Гагарин Иван Фёдоровичті Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында арнайы құттықтап барды.
Тоқсан жастан асқан тыл еңбеккері әлі де тың. Ол үйінің ауласында 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі орындаған музыкалық шығармаларды сүйсіне тыңдады.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Иван Фёдорович өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол еңбек жолын 7 жасынан бастап, колхозда бұзау бағып, көкөніс көшеттерін күтуге көмектесуден бастаған. 1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштеріне шақырылып, 33 жылға жуық қызмет етті. 1992 жылдан 1996 жылға дейін 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Иван Фёдорович III дәрежелі “КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызмет еткені үшін” орденімен, “В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған әскери ерлігі үшін”, “КСРО Қарулы Күштерінің ардагері” медальдарымен және көптеген мерейтойлық марапаттармен наградталған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі