Тарбағатай ауданында алып қыз дүниеге келді

Өскемен 20-03-2025, 12:09 0

Наурыз мейрамы қарсаңында Тарбағатай аудандық ауруханасында 9 сәби дүние есігін ашты. Жаңа туған нәрестелерді шығарып салу рәсімі ұлттық нақышта өтті – сәбилерге ұлттық киімдер кигізіліп, ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сәбилерді ұлттық киіммен шығарып салу – бұл аурухананың жақсы дәстүріне айналған. Соңғы бірнеше жылда мұнда Наурыз мерекесінде дүниеге келген балалардың өмірге келуін отбасылар үшін шынайы қуаныш пен маңызды оқиғаға айналдыруға мән беріліп келеді.

Ерекше назарға іліккен нәресте – салмағы 5 келіге жуық болған қыз. Ата-анасы оған ерекше есім берді – Бегімай.

– Наурыз мейрамы күндері дүниеге келген әрбір сәби – жаңарудың, береке мен өмірдің жалғасының белгісі. Бұл балалар дені сау, бақытты болып өсіп, отбасына шаттық пен молшылық әкелсін! – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.


Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады