Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында биометриялық сәйкестендіру жүйесі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.
Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.
Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.
Фото: stock.adobe.com