#Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары
ШҚО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШЫҰ-НЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА-2026
15-09-2026, 17:33
15 қыркүйекте Үрімжі қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Цифрлық экономика форумы — 2026 халықаралық деңгейде өз жұмысын бастады.
Іс-шараға шамамен 500 қатысушы, оның ішінде 200-ден астам шетелдік делегат — мемлекеттік органдардың, бизнестің, жоғары оқу орындарының, сарапшылар және IT-қоғамдастық өкілдері қатысуда.
Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысының делегациясы да қатысуда.
Делегация құрамына университеттер мен колледждердің өкілдері, креативті индустрия өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ IT және заманауи технологиялар саласында жұмыс істейтін мамандар мен компаниялар кірді.
Форумның негізгі тақырыптары — цифрландыру, жасанды интеллект, цифрлық сауда және халықаралық технологиялық ынтымақтастық.
«Шығыс Қазақстан үшін мұндай халықаралық алаңға қатысу — халықаралық байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға және технология, білім беру, туризм мен кәсіпкерлік салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» - дейді делегация жетекшісі, туризмді дамыту кеңесінің төрағасы, халықаралық қатынастар бойынша кеңесші Сымбат Рамазанов.
Екі күн бойы Шығыс Қазақстан облысының делегаттары форум жұмысына, іскерлік кездесулерге және тәжірибе алмасуға қатысады.

