Байқаушы Дильназ Бахтиярова: «Сайлау учаскелерінде бәрі әділ әрі ашық өтіп жатыр»

Шығыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Өңір тұрғындары отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

Сайлау учаскелерінің бірінде байқаушы ретінде жұмыс істеп отырған Дильназ Бахтиярова дауыс беру үдерісінің заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтіп жатқанын айтты.

– Мен бүгін бақылаушы ретінде жұмыс істеп жатырмын. Сайлау басталмай тұрып учаскеге ерте келдім. Таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушылар белсенді түрде келе бастады. Азаматтардың сайлауға деген қызығушылығы жоғары екені байқалады. Қазіргі уақытта барлық үдеріс заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтіп жатыр, – деді Дильназ Бахтиярова.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 485 873 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter