Марқакөл ауданында ауылдық жерге жұмысқа келген мамандарға қолдау көрсетілуде

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл 50 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған.

- «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 50 маманға көтерме жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 21 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Сонымен қатар, қаржыландыру жоспарына сәйкес, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 15 маманға жалпы сомасы 147 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие беру қарастырылған.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter