Балалар үйлерінің оқушылары Oskemen Hub-та өткен «Drone Lab Наурыз» іс-шарасында дрон технологияларымен танысты

2026 жылғы 16 наурызда Oskemen Hub базасында Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп «Drone Lab Наурыз» атты білім беру іс-шарасы өтті. Іс-шараға «Үміт» және «Детская деревня» балалар үйлерінің 11-сынып оқушылары қатысты.
 
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарының технологияларымен және олардың түрлі салаларда қолданылу мүмкіндіктерімен таныстыру. Бағдарлама барысында қатысушылар дрондардың қалай жұмыс істейтінін, олардың бүгінгі күні қай салаларда қолданылатынын білді. Атап айтқанда, дрондардың бейнетүсірілімде, логистикада, аумақтарды бақылауда және құтқару операцияларында қолданылуы туралы айтылды.
 
Мамандар оқушыларға ұшқышсыз аппараттарды басқарудың негіздері, олардың жұмыс істеу принциптері және заманауи дрондардың негізгі технологиялары туралы түсіндірді. Теориялық бөлімнен кейін оқушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, мамандардың жетекшілігімен дрондарды өздері басқарып көрді.
 
Іс-шара оқушылардың технологияларға, инженерлік бағыттарға және заманауи цифрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастарға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектесіп, оларды IT және инновациялар саласындағы мамандықтарды таңдауға ынталандырады.
 
«Drone Lab Наурыз» іс-шарасы өңірдегі технологиялық білім беруді дамыту және талантты жастарды қолдау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болды.
 
БАҚ үшін байланыс:
Тел.: +7 706 675 4191
Email: r.daniyarova@astanahub.com
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter