#Жаңалықтар
Өскемен байкерлері ауа райына қарамастан референдумда дауыс берді
15-03-2026, 18:22
Өскемен қаласында байкерлер қауымдастығы республикалық референдумға қатысып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
Байкер, қоғам белсендісі және саяхатшы Ярослав Костенконың айтуынша, қолайсыз ауа райына байланысты жоспарланған мотоеруен ұйымдастыру мүмкін болмаған.
Соған қарамастан байкерлер өз ұстанымдарын көрсетіп, сайлау учаскелеріне келіп дауыс берді.
Олардың айтуынша, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға қатысу — әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан байкерлер қауымдастығы референдум күні белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
