Өскеменде көршілер ұйымшылдықпен референдумда бірге дауыс берді

Өскемен қаласындағы Бағдат Шаяхметов көшесінің тұрғындары жалпыхалықтық референдумға ұйымшылдықпен қатысып, бірліктің үлгісін көрсетті. Көршілер таңертең бірге жиналып, референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Көп жылдан бері тату-тәтті араласып келе жатқан көршілер мұндай саяси науқандарда да бірге болуды дәстүрге айналдырған. Тұрғындардың айтуынша, ауладағы сенбіліктерден бастап, маңызды қоғамдық шараларға дейін олар әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Бағдат Шаяхметов көшесінің тұрғыны Наталья Федоровна көршілер арасындағы татулықтың ерекше екенін айтады.

“Біз үнемі бірге жүреміз. Алдыңғы саяси науқандарға да бірге келдік. Бір үйдің баласындай тату-тәттіміз”,— дейді ол.
Ал тұрғын Қуандық Ибраев көршілер арасындағы ұйымшылдықтың басты себебі – өзара сыйластық пен бірлік екенін атап өтті.

“Біз көршілермен сенбіліктерге, ауладағы түрлі шараларға, еліміз үшін маңызды саяси науқандарға бірге қатысып жүреміз. Барлығы береке-бірліктің арқасы”,— дейді ол.
Согра кентінің тұрғындары референдум күні таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, белсенділік танытуда. Тұрғындар жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда өз таңдауларын жасап жатыр.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter